Еріктілер жылы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялауына орай, Жалағаш индустриалды-аграрлық колледждің бір топ ерікті студенттері бірігіп, жалғызбасты ардагердің үйіне барып, көмек көрсетті.

Ардагер жастарды жылы шыраймен қарсы алып, еріктілер тобы терезе жуу, есік алдын сыпыру, отын жару секілді жұмыстармен айналысып кетті. Осындай іс-шара ұйымдастырған жастарға қарт алғысын айтты.