Колледж туралы мәлімет

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі бойынша «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет 2017-2018 оқу жылы

Аудан орталығындағы 59 жылдық тарихы бар Жалағаш индустиалды-аграрлық колледжі күні бүгінге дейін ауданға қажетті әртүрлі мамандықтар негізінде жұмысшы кадрлар дайындауға байланысты студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Колледждің қабырғасынан білім алған мыңдаған түлектер қазіргі кезде егеменді елге мағыналы қызмет етуде.

  • 1959 жылы Қызылорда облыстық кәсіптік техникалық білім беру басқармасының №220 бұй-рығына сәйкес, Жалағаш ауданында 20.12.1959 жылы №150 ауылшаруашылығын механика-ландыру  училищесі (УМСХ – 150) ашылды.
  • 1984 жылы № 15 кәсіптік техникалық мектеп
  • 1998 жылы № 3 кәсіптік мектеп
  • 2009 жылы № 3 кәсіптік лицей
  • 2012 жылы «Жалағаш индустриалды – аграрлық колледжі» мемлекеттік мекемесі
  • 2013 жылы желтоқсан Қызылорда облысының білім басқармасының  «Жалағаш индустриалды – аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

Лицензия

Лицензия № 14005171, берілген күні:16.04.2014 жылы  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаментінен берілді, колледж де төмендегі мамандықтар бойынша оқыту жүйесі жүргізіледі.

1.1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану.

2.1114000-Пісіру ісі (түрлері бойынша)

3.0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру.

4.1504000-Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша)

5.0901000-Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары.

Қ.Р.Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына сәйкес  «Баршаға арналған тегін кәсіптік – техникалық білім беру» жобасының іске асырылуы жалғасын табуда. Осыған байланысты қазіргі кезде ауылшаруашылығына қажетті мамандықтарға сұранысқа басымдық берілуде.

Биылғы 2017-2018 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс негізінде облыстық бюджет есебінен аудан мектептерінің 9 сыныбын бітірушілерінен төменгі 4 (төрт) мамандық негізінде 100 студент және 10 айлық қысқа курсқа мамандығы «Дәнекерлеу ісі» 25 студент қабылданды.

Р/с Мамандықтар коды Қаржыландыру түрі Оқыту нысаны Оқыту мерзімі Сұраныс көлемі
1 1504000 – Ферма шаруашылығы Облыстық бюджет Күндізгі 2 жыл 10 ай негізгі орта білім 9 сынып базасында 25 студент
2 0901000 – Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары -//- -//- -//- 25 студент
3 1401000 – Үйлер мен ғимарат-тарды салу және пайдалану -//- -//- -//- 25 студент
4 0508000 – Тамақтандыруды ұйымдастыру -//- -//- -//- 25 студент
5 1114000 – Дәнекерлеу ісі -//- -//- 10 айлық 25 студент
                                                                                                   Барлығы: 125 студент

Сонымен қатар Елбасы тапсырмасы бойынша «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы аясында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған»  бағдарламасы негізінде және Облыс әкімдігі жанындағы бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысының       2017 жылғы 19 шілдедегі  №02/1-2/4492 хаттамалық шешіммен мамандар даярлауды жүзеге асыратын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына бөлінген мамандықтар бойынша ауданда құрылған мобильдік топпен және аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімімен, аудандық білім бөлімімен жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жолдамамен келген 50 студент төмендегі 2 оқу тобына 10 айлық курсқа қабылданды.

Р/с Мамандықтар коды Қаржыландыру түрі Оқыту нысаны Оқыту мерзімі Сұраныс көлемі
1

1504000-«Ферма шаруашылығы Біліктілігі:« Жеміс - көкөніс өсіруші»

Республикалық бюджет Күндізгі 10 ай жалпы орта білім базасында 11 сынып 25 студент
2

1504000-«Ферма шаруашылығы»     Біліктілігі: «тракторист-машинист»

-//- -//- -//- 25 студент
                                                                                                                 Барлығы: 50 студент 

Сонымен қатар 2017-2018 оқу жылы «Тракторист-машинист» - 3 айлық курс - 15 студент, «Электомонтер» - 3 айлық -10 студент, «Аспаз»-3айлық - 15 студент оқып бітірсе, «Көкөніс - бақша өсіруші» - 2  айлық - 15 студент, «Дәнекерлеу ісі» - 2 айлық - 15 студент, «Аспаз» -3 айлық -15 студент қабылданып, мамандық негізінде білім алып шықты.

Білім алушылар контингенті

                                                                               Қабылдау контингенті  (мемлекеттік тапсырыс негізінде)

р/с
 
Мамандық атауы мен шифры Біліктілік атауы мен шифры 2015-2016 оқу жылы 2016-2017 оқу жылы 2017-2018 оқу жылы
9 сынып 11 сынып 9 сынып 11 сынып 9 сынып 11 сынып Нәтижелі жұмыспен қамту
1 1504000 - Ферма шаруашылығы 1504062-Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист 25   25   25    
2 1114000 – Пісіру ісі 1114000 – Пісіру ісі 25   25   0 25  
  1504000 - Ферма шаруашылығы 1504092-Электр жабдықтарға қызмет көрсетуші электр монтер 25       25    
3 1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401012-Тас қалаушы 25   25   25    
4 0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру 0508012-Аспаз 25   25   25    
5 0901000-Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары 0901012-Электромонтер     25   0    
6 1504000-«Ферма шаруашылығы Біліктілігі:« Жеміс - көкөніс өсіруші»             25
7 1504000-«Ферма шаруашылығы» Біліктілігі: «тракторист-машинист»             25
  Барлығы:   125 0 125 0 100 25 50

Колледждегі кәсіби бағдар беру жұмысы

Колледж бойынша 2018-2019 жаңа оқу жылына аудан мектептерінің 9-11 сынып бітірушілеріне кәсіби бағдар беруге байланысты іс-шаралар жоспары жасалынып, оның орындалуы басшылыққа алынды. Іс-шаралар жоспарына сәйкес колледждің оқу-материалдық базасын қалпына келтіру мақсатында оқу кабинеттері, зертханалар, шеберханалар ағымдағы жөндеуден өткізіліп, тиісті стенділер жасалынып, мамандықтарға сәйкес құрал-жабдықтармен толықтырылды. Колледждің мамандық негізіндегі тыныс-тіршілігіне байланысты арнайы слайдтар, 2 дана роллап дайындалып, 15 минуттық бейнеролик жаңартылды. Кіре беріске «Талапкер-2018» билборды қойылды. Аудандық оқу бөлімімен және аудан мектептерімен байланысып, 2017-2018 оқу жылында 9-11 сынып бітірушілер жөнінде нақты мәлімет алынды. 2018 жылдың сәуір айының 10-20 аралығында аудан мектептерінің 9 сынып бітірушілеріне кәсіби бағдар беру «Ашық есік» күндерін өткізу, экскурсия жасау мақсатында аудандық білім бөлімімен келісіліп тиісті кесте жасалынды.

Аудан мектептерінің 9 сынып бітірушілерін колледждің тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында ықшамдалған акт залында арнайы көрме дайындалды. Оған тиісті кәсіби білімді жарнамалау мақсатында бильбордтар дайындалып, мамандыққа сәйкес студенттердің шығармашылық жұмыстарынан макеттер, оқытушы, өндірістік оқу шеберлері мен студенттердің әдістемелік шығармашылық жұмыстарынан арнайы материалдар дайындалып  2 стеклажға қойылды. Сонымен қатар колледжде аудан мектептеріне тарату мақсатында дайындалып жатырған 5 (бес) мамандық негізінде буклеттер дайындалды. Сонымен қатар «Ашық есік» күндері экскурсияға келген аудан мектептерінің 9 сынып бітірушілеріне  колледж көркемөнерпаздар үйірмесінің концерттік бағдарламасы дайындалды. 11 сынып бітірушілері есебінен техникалық және кәсіби білімі бар жастарды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша ауданда құрылған мобильдік топтармен бірге аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жұмыстар үйлестірілуде.

Биылғы 2018-2019 оқу жылында жастарға кәсіптік білім беруді жетілдіру, колледждің оқу-материалдық базасын жарақтандыру бағытында бірқатар ауқымды шаралар атқарылмақшы.

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі аудан көлеміндегі кәсіпорындар, шаруашылық, кәсіпкерлік ұйымдармен әлеуметтік серіктестік келісімдері жүргізіліп, мемлекеттік стандарт аясындағы дайындалатын кәсіби мамандардың өндірістік машықтануын практикалық тәжірибеден өту мақсатында аудандық Электр тарату мекемесі, «Сәрке батыр», «Таң ЛТД», «Мега Агро», «Аққұм ЛТД», «Мақпалкөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен тығыз байланыста оқу орнында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Әлеуметтік серіктестіктер оқу-орнының оқу-материалдық базасын нығайту бағытында қаржы мәселесі күн тәртібіне қосылып, мүмкіндіктер қарастырылуда. Жалағаш индустриалды-аграрлық колледж оқушылар қабылдаудың 2017-2018 оқу жылының мемлекеттік тапсырыс жоспарын толық орындады, атап айтқанда.  «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинисі» - 25 оқушы, «Электр жабдықтарға қызмет көрсетуші» (электромонтер) - 25 оқушы, «Үйлермен ғимараттарды салу және пайдалану» - 25 оқушы.

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі бойынша техникалық және қызмет көрсетудің кадрлар даярлау саласында нарықтық қатынастар талабына сай сұраныс негізінде мамандар даярлау және бітірушілерді кәсіпорындар, мекемелер, шаруашылықтар негізінде жұмысқа орналастыруда, әріптестік серіктестіктер құру бағытында ынтымақтастық бойынша 3-жақты келісімдер және меморандумдар жасау қолға алынған. Түйінді проблемаларды шешу нарық талабына сай жаңа оқыту жүйесі дуалды оқытуды оқыту үдерісіне енгізу алғы шарттары, мүмкіндіктері күн тәртібіне жүйелі түрде қойылып, мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Колледж бойынша «Тамақтандыру мекемелерінің  маманы», «Газэлектрдәнекерлеуші», «Ферма шаруашылығы», «Үйлер мен ғимараттарды салу және  пайдалану», «Электр станциялары мен желілерінің  түрлері бойынша электр жабдықтары»  мамандығы  бойынша   оқушылар  өндірістік оқуды  І-ІІ-ІІІ  курста  колледж  зертханасында өтеді. Осы  мамандықтарға арналған зертханаларға қоса  «Слесарлық іс»  және   «Газэлектрдәнекерлеуші»  оқу  шеберханасы,  «Электромонтер» мамандығына оқу полигоны, «Фермер» мамандығына машықтану алаңы   жұмыс  істейді. сонымен  бірге  осы  оқу  зерханалары мен шеберханасының  оқу - материалдық  базасы  әлі де  толықтырылып,  жабдықталған. Мамандықтар  бойынша  жұмыс  жасау  кезінде  арнаулы  жұмыс  киімдерімен, техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс  жасауда.

Білім алушылардың білімін бағалауда колледж бойынша директорлық сынама алынған.  Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері бар, ол оқу жүйесінде кеңінен қолданылып келеді. Колледждегі оқу жүйесінің сапасын бақылау мақсатында 2017-2018 оқу жылына колледжішілік оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің сабақтарына ену кестесі жасалынып, колледж басшысымен бекітілген. Білім алушылардың білімін және оқу пәнінің берілу сапасын көтеру білім ұйымының басшылары дирекцияның бақылау кестесіне сәйкес оқытушы, өндірістік оқыту шеберлерінің сабақтарының сапалы өтуін бақылау жүргізіп отырады. Бітіруші топтар мамандық бойынша «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілігін берудің ғылыми әдістемелік орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы арқылы тест тапсырудан жыл сайын өткізіліп, кәсіби білімдерінің сапасы анықталынып отырады.

2017-2018 оқу жылында тестілеу орталығы арқылы тестілеуден өткен бітірушілердің үлгерімдік көрсеткіші 95%-ға жетіп кәсіби біліктіліктерін дәлелдеп, сертификаттарға ие болды.

Оқу жылы Р/с Топ № Мамандық атауы Бітірушілер саны Тесттен өткен оқушылар саны Пайызы

2016-2018

1 85 Фермер 25 25 100%
2 86 Газэлектрдәнекерлеуші 25 25 100%
3 87 Электромонтер 24 24 100%
4 88 Тас қалаушы 20 20 100%
5 89 Аспаз 26 26 100%

Колледж бойынша оқушылардың денсаулығын тексеру қолға алынып, жалпы колледждің оқу кабинет, лаборатория шеберханасының және асханасының медициналық-санитарлық жағдайына көңіл бөлінді, үнемі тазалықта болуы бақылауға алынды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген айдармен инженер-мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі лекциялар, әңгімелер өткізіліп тұрады.

Қазіргі уақытта колледж бойынша спорт зал жоқ. Қысқы уақыттарда дене шынықтыру сабағын өткізуде қиындық тудырып отыр, бірақ қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, салауаттылықты орнықтыру мақсатында колледж  ұжымы аянбай еңбек етіп келеді, биылғы 2017-2018 оқу жылы басында өндірістік табыс есебінен түскен қаржыны пайдалану арқылы және инженер-мұғалімдердің күшімен жаңа жазғы спорт алаңы пайдалануға берілді. Онда қазіргі кезде әр түрлі спорттық жарыстар өтуде.

Жалпы колледж инженер-мұғалімдер ұжымы және оқушылар президенттік сынамаларды тапсыруға да белсене араласты. Салауаттылықты колледж өміріне терең енгізу мақсатында дене шынықтыру пәнінің сапалы берілуі, сабақтан тыс спорттық секциялардың кестеге сәйкес жүруі бақылауға алынды. Колледж сабақтан тыс  №2 кестеге сәйкес 4 спорт секциясы жұмыс істейді, оған 128 оқушы тартылған. Оқу тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес салауаттылықты орнықтыруға байланысты колледжде әр түрлі спорттық жарыстар, топ аралық спартакиадалар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар колледж ұжым мүшелері, оқушылар аудандық спорттық шараларға да ұйымшылдықпен қатысып отырады.

Колледжде дене шынықтыру мен спортты дамыту  мақсатында өткен оқу жылында 48 мың теңгеге 2 футбол добы, 2 волейбол добы, 2 баскетбол добы, 11 комплект футбол киімі, 10 пар спорттық аяқ киім алынып берілген.

Қазіргі уақытта колледж әкімшілігі, инженер-мұғалімдер ұжымы арнайы жасалынған іс-шара, негізінде жұмыстар атқаруда. Алдағы уақытта да колледж дене шынықтыру мен спорттық дамыту және салауаттылықты қалыптастыру мақсатында өз жұмысын қазіргі уақыт талабына сай атқарады деген сенім бар.

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледж бойынша оқушылар арасында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты оқу жылы басында іс-шара жасалынып, оның орындалуы басшылыққа алынған.

Колледж бойынша жасалған іс-шараға сәйкес колледж инженер-мұғалімдер ұжымы оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім оларға құқықтық тәрбие беру жөнінде бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарды. Оқушыларға адамгершілік, құқықтық тәрбие беру алкогольге, есірткі пайдалануға қарсы насихатты күшейту шаралары белгіленіп, құқық қорғау органдарымен, ата-аналарымен үнемі байланыса отырып тәрбие жұмысы жүргізілді.

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледж оқушылары арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында 4 бағытта жұмыстар ұйымдастырылып,оның орындалуы бақылауға алынған: а) оқушылардың сабаққа қатысуы; ә) кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұратын оқушылардың сабаққа қатысуы; б) кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұратын оқушылардың сабақтан тыс үйірмелер мен секцияларға қатысуы; в) жасөспірімдердің түнгі жүрістерін ырықтау мақсатында қоғамдық орындарда, көшеде, кафе-барларда, мейрамханаларда түнгі рейділер ұйымдастыру.

Қазіргі кезде Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде студенттер контингенті   17 оқу тобында 418 студент оқиды. 15 оқу кабинеті, 5 зертхана, 2 шеберхана       1 оқу полигоны бар. Колледжде 35 оқытушы, 25 өндірістік оқу шебері техник қызметкерлерін қосқанда 85 адам жұмыс істейді. Сонымен қатар информатика кабинеті қайта жасақталып     25 дана компьютер, 3 оқу кабинетіне 3 дана интерактивті тақта алынып берілді. Жоғары санатты оқытушы -2, бірінші санатты – 11, екінші санатты – 4, магистрант -2. Барлық оқу кабинеттер уақыт талабына сай қайта жабдықталды. 

Колледжде «Газэлектрдәнекерлеуші» оқу зертханасына дәнкерлеуші тренажері, дәнекерлеуші машинасы МТВР-19053 және құрал жабдықтары толығымен, «Электромонтер» оқу зертханасына электромонтаждау комплект және құрал жабдықтары толығымен, «Ауылшаруашылық трактор-машиналары» оқу зертханасына автотренажер-1комплект, тренажер-эксковатор - 1комплет және т.б. құрал-жабдықтар, «Аспаз» оқу зертханасының негізгі құрал-жабдықтары, «Құрылысшы» оқу зертханасының негізгі құрал-жабдықтары алынып, студенттерге мамандық негізінде білім беруге пайдаланылуда. Колледжде Т-150 тракторы  - 1, МТЗ-80 тракторы - 2, ДТ-75 бульдозер – 1, Газ-53 автомашинасы – 2, фермер Уаз автомашинашы – 1 бар.

Колледж бойынша жалпы 418 студент мамандық негізінде білім алуда. Студенттердің айсайынғы алатын шәкіртақы көлемі экологиялық коэфицентті қосқанда -  21787 теңге. Тұлдыр жетім және мүмкіндігі шектеулі студенттерге ҚР үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 санды қаулысына сәйкес 8590 теңге қаражат төленеді және ауылдан қатынап оқитын студенттер жолақысымен қамтамасыз етіледі.

Биылғы 2017-2018 оқу жылында жастарға кәсіптік білім беруді жетілдіру, колледждің оқу-материалдық базасын жарақтандыру бағытында бірқатар ауқымды шаралар атқарылды.

Колледжің балансына берілген бұрынғы әуез мектебінің ескі ғимаратын  50 орындық жатақхана жасау мақсатында  сол ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізу, құрал-жабдықтар, жиһаздар алу, жатақханаға қажетті тиісті штат мәселесін шешу қолға алынып, барлық атқаруға тиісті жұмыстар толығымен аяқталып, 2017-2018 жаңа оқу жылына пайдалануға берілді. Қазіргі кезде 41 студент өз өтініштерімен жатаханаға орналасты. Студенттерге барлық жағдайлар жасалынған. Сонымен қатар  ІІ қабатты бұрынғы ескі оқу ғимараттын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарыда толық аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға берілуі арқылы оқу жүйесін жүргізу кабинеттік жүйеге көшірілді.

Колледж ауласында арнайы есепшотқа түскен қаражат есебінен, колледждің инженер-мұғалімдері, өндірістік оқу шеберлері күшімен жазғы спорт алаңы жасалынды, қазіргі кезде  жазғы спорт алаңында дене тәрбиесі сабағы және әртүрлі спорттықжарыстар өткізілуде.  Сонымен қатар Біріккен ұлттар ұйымының Қызылорда облыстық өкілдігінің «ПРООН» гранты негізінде берілетін жылыжай салу жоспарланған болатын, атқарылылуға тиісті жұмыстар үйлестіріліп, әр түрлі көкөніс бақша өнімдері және гүлдер отырғызылып, күтіліп бапталуда. Негізгі оқу ғимараты мен спорт алаңына дейінгі жолға колледждің өз қаражат есебінен асфальт төселінді. Сонымен қатар колледждің ауласындағы ескі қоршауларды жаңарту және негізгі оқу ғимаратының сыртқы ағымдағы жөндеуден өткеізу үшін облыстық бюджеттен тісті қаражат сұралуда.  

Колледж білім алушыларының жетістіктері

Облыстық   білім басқармасы мен  білім басқармасына қарасты  облыстық оқу орталығының  ұйымдастырумен   халықаралық  «WorldSkills    Kazakhstan»  ұлттық  чемпионатының  облыстық  деңгейдегі  байқауы   осы  жылдың 29-30  наурызы  аралығында  өткізілді. Байқау шартына  орай,  жұмысшы мамандығын дайындайтын  Жалағаш индустриалды-аграрлық  колледжінің «Аспаз» мамандығы бойынша Байсақал  Бекжан, «Газэлектрдәнекерлеуші»  мамандығы бойынша  Алмас Абзал колледжіміздің намысын қорғап,  жүлделі оралды.

Байсақал  Бекжан өз мамандығының  шебері екенін  байқау  әділқазылары:   «Қыз Жібек» мейрамханасының  бас аспазы Жұмабай  Жұбанұлы, Қызылорда  Мемлекеттік университетінің кәсіптік оқыту кафедра  меңгерушісі,  техникалық  ғылымдарының кандидаты,  қауымдастырылған  профессор  міндетін атқарушысы  Смайлова Жұлдыз  Жолдасқызы,  «West»  сервис  LTD  компаниясы  Торғай  Петролеум  асханасының  бас аспазы Тәжібаева Гүлзада Жайсаңқызы   алдында  дәлелдеп, ІІ орын иеленді.   Байқау нәтижесінде    «West»  сервис  LTD  компаниясы  Торғай  Петролеум  асханасының  бас аспазы Тәжібаева Гүлзада  Жайсаңқызы түпкілікті жұмысқа  орналасуға жолдама  берді.  

Келесі  қатысушымыз  «темірден түйін  түйген»  түлегіміз, бұл күнде осы мамандықтың қыр-сырын терең  меңгеріп, аудан халқына  қалтқысыз  қызмет етіп жүрген   Алмас Абзал  өз  шеберлігін танытып, Алғыс хатпен марапатталды. Бұл  түлектеріміз  өз  кезегінде  осы оқу орнын таңдап,  болашағына  сара жол салып алды десек   қателеспейміз.

«WorldSkills    Kazakhstan»  ұлттық  чемпионатына қатысушы жүлдегері «Аспаз» мамандығы бойынша ІІ орын иегері Байсақал Бекжан. Колледж түлегі Байсақал Бекжан жоғарыда аталған жетістігі арқасында Құмкөлге аспазшы болып орналасты.

«Қазақстанның тәуелсіздігі – мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты облыстық ғылыми-теориялық конференцияда үздік баяндама жасағаны үшін Иманғазы Бағлан Қызылорда облысы білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қызылорда облысының білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында өткізілген олимпиададан, ағылшын тілі пәнінен  Сәдек Асхат І орын, Темірбек Биболат математика пәнінен  ІІІ орын, Төлек Фарида қазақ тілінен беслене қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталды.

Қызылорда облысының білім басқармасының «Үздік механизатор» байқауы бойынша Бекмұратов Рахат ІІІ орын алып дипломмен марапатталды.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылар арасында Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облыстық оқу орталығы әдістемелік кабинетінің ұйымдастырылуымен «Мұқағали-мәңгілік жыр», «Тіл-шебері» номинациясымен Уәли Заманбек марапатталды.

Қызылорда облысының білім басқармасы облыстық «Отан қорғаушы» әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша өткізілген сайыста белтемірден тартылу жаттығуы бойынша ІІ орын алғаны үшін Қошқарбек Нұрхан марапатталды.

Қызылорда облысының білім басқармасы «Тіл-мәңгілік елдің рухани қазынасы» атты облыстық фестиваль аясында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылған жас ақындар мұшайрасында ІІІ орын алғаны үшін Әбжан Гүлзина марапатталды.

Сонымен қатар колледж студенттері республикалық, облыстық, әр түрлі деңгейдегі спорттық, шығармашылық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп келеді.

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледж командасы стол үсті теннисінен білім саласы ұжымдары арасындағы салалық аудандық командалық біріншілікте жүлделі ІІ орынды иеленді; Қол добынан кент мектептері қыздар командасы арасындағы аудандық ашық біріншілікте жүлделі ІІІ орынды иеленіп, облыстық жарысқа жолдама алды.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасындағы кәсіби білім беру бағытын айқындайтын бағдарлы байқау-көрмесінде жүлделі І орын иеленгені үшін Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысының атынан марапатталды.

Қызылорда облысының әкімдігінің қаулысына сәйкес 2017-2018 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына тиісті құжаттарды дайындап қатысу арқылы нәтижесінде төмендегі мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 5 (бес) оқу тобына  125 студент оқытуға қол жеткіздік.

Ел басы Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Баршаға бірдей тегін кәсіптік техникалық білім» жобасы негізінде колледж 3 (үш) түрлі мақсатты бағытта жұмыс жүргізіп келеді. Ол: 1. Әлеуметтік серіктестіктермен келісім-шартқа отыру арқылы дуалды оқыту жүйесін дамыту, 2. Мектеп бітірушілерге жүйелі кәсіптік бағдар беру,  3. Колледжбен базалық шаруашылықтар арасында байланыс жүргізу арқылы кәсіби мамандар даярлау міндетін жүйелі жүргізу. Осы мақсатта колледж әкімшілігі инженер-мұғалімдер ұжымымен бірге өскелең өмір талабына сай кәсіби мамандар даярлау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізе беретін болады.