«Кәсіпкерлік қызмет негіздері»

28 қараша күні Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің студенттері «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнінің оқытушысы Таурбаева Райханның ұйымдастыруымен Аққұм ауылындағы «Бағдаулет» шаруа қожалығына экскурсияға барып қайтты. Онда шауашылықтың төрағасы Шуақбаев Серік ағай шаруашылықтың немен айналысатынына тоқталып өтіп, онда қанша ауылшаруашылық техникасы, неше цех жұмыс жасайтындығына тоқтала кетті. Шаруашылық асыл тұқымды Ақбас сиырды көбейтіп, бордақылайды және асыл тұқымды ағылшын аттарын көбейтеді екен. Сонымен қатар 150 бас жергілікті аттар мен жергілікті сиырларды, 80 бастай түйе сауылып, қылшық тұқымды қой өсіріп, көбейтіп, олардан сүт өнімдері: қымыз, саумал, шұбат, сүт өндіретіндігін атап өтті.

Сол шаруашылықтағы мал өсірумен қатар күріш, бидай, мақсары, жоңышқа егіп, олардан шыққан өнімдерді өз цехтарында өңдеп, жем-шөп дайындайтындығын көрдік.

«Бағдаулет» шаруа қожалығына төрағалық етіп келе жатқан Серік ағай студенттерге кәсіптің көзі көп екендігін, бірақ сол кәсіпті өркендету жолында тынбай еңбек етсең үлкен жетістіктерге жетіп, жемісін жейтін болашақ кәсіптің иелері студенттер сіздер- деп сенім білдірді.