«Кәсіпкерлік қызмет негіздері»

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің ІІ курс студенттері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жобалық бағдарламасы аясында «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні оқытылып, колледж студенттері бизнес жоба қорғады. Бұл бағдарламаның мақсаты-студенттерге бизнес-жобалар идеясы мен бизнес-жоспар құруға, сонымен қатар ұйымдастырушылық және қаржылық жоспар құруға, бизнестің күшті және әлсіз тұстарын бағалауға,нарықты талдауға, бәсекелестер туралы ақпарат жинауға үйрету. Бизнес-жобаларды қорғауға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалының бизнес-тренері Арыстан Бақытұлы Молыбаев қатысып, студенттердің бизнес идеяларын шындыққа айналдыруға мүмкіндіктің мол екендігіне тоқтала өтіп, жобаларды қорғау барысына оң бағасын берді.