Облыстық олимпиада

Облыстық оқу орталығымен бірлесе отырып 2019 жылдың 4 желтоқсан күні М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1-2 курс білім алушылары арасында математика, физика, информатика пәндерінен облыстық олимпиада өткізілді. Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінен Ақберген Қайрат 2-курс, пән мұғалімі Диуанова Зухра, Қопаев Нұртілеу 2-курс, пән мұғалімі Диуанова Зухра, Мархабай Қамбар 2-курс, пән мұғалімі Мұратбек Сәния ,Оңғар Назым 2-курс, пән мұғалімі Айшықхан Рамазан, Ерік Айдана 2- курс, пән мұғалімі Айшықхан Рамазан олимпиадаға қатысты. Физика пәні бойынша колледждің білім алушысы Мархабай Қамбар 2-орын, ал Оңғар Назым физика пәнінен қатысқаны үшін алғыс хат иеленді.