Жас маман жобасы

2021 жылы колледжде атқарылуы тиіс жұмыстардың нақты жоспарына сәйкес Жалағаш индустриалды – аграрлық колледжі «Жас маман» жобасы бойынша 180 колледж қатарына енді

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің қаулысымен «Жас маман» жобасы іске қосылды.

«Жас маман» жобасының мақсаты

Жобаның мақсаты 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын 100 аса талап етілетін мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін еңгізу болып табылады.

2021 жылы колледжге Республикалық бюджетінен қаралған қаржы 439 300 000 теңге

100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие болған Жалағаш индустриалды – аграрлық колледж мамандықтары 1.1504000 – Ферма шаруашылығы

   1504062 – Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы – машинисі

2.0508000 – Тамақтандыруды ұйымдастыру

   0508012 – Аспаз

Колледждіі жабдықтауға арналған жабдықтардың тізімі жергілікті атқарушы органдар мен колледждердің ұсыныстарына, жұмыс берушілердің талаптары мен WorldSkills стандарттарына сәйкес жасалды. Жабдықтарды сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.                                                               

Колледждерде кадрларды дайындаудың халықаралық стандарттарын енгізу үшін шетелдік серіктестер тартылады. Шетелдік серіктеспен бірлесіп кадрларды дайындау бағдарламаларын жаңарту, оқытушыларды даярлау және оқу орны мен менеджмент процестерін жетілдіру бойынша жұмыс ұйымдастырылады.

Бұл жоба қазақстандық жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде Қазақстанның барлық кәсіптік техникалық және аграрлық саласының дамуына оң ықпал етеді.