Жатақхана туралы

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледж жатақханасы

  • Колледж  құрылымында 50 орынды студенттер жатақханасы бар,    тұрғын аумағы 253,2 кв.м құрайды. 
  • Жатақханада жуынатын бөлме бар, жартылай автоматты кір жуғыш машина орнатылған, ас үйлері электрлі плиталармен жабдықталған.
  • Жатақхананың холдары мен оқу залдарында мәдени және жаппай спорттық іс-шаралар өткізу үшін теледидарлар, музыкалық аспаптар бар
  • Жатақханада асхана бар. 
  • Жатақханада рұқсатнама режимі сақталған, Жатақханада тұру ережелерін сақтау бойынша іс-шаралар өткізіледі.
  • Жатақханада полиция тірек пункті орналасқан, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіледі.

ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСТЫРУ,  ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАҢЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН  АҚЫ ТӨЛЕУ

  • Студенттерді жатақханаға орналастыру  жатақхананың ішкі тәртіп ережесіне сәйкес, белгіленген санитарлық нормаларды сақтауға байланысты жүргізіледі. Студенттерді жатақханаға орналастыру 28 тамыздан бастап 10 күн ішінде жүргізіледі.
  • Жатақханада орналастыруда студент педикулез бен қышыма бөртпеге медициналық қараудан өтуге міндетті. Медициналық комиссия медицициналық анықтама береді.
  • Студент жатақхана меңгерушісіне жеке куәлік, өтініш, медициналық анықтама, алдыңғы кезеңге кем дегенде 10 айға жатақханада тұру үшін төлем туралы түбіртекті ұсынады.
  • Жатақхана меңгерушісі бұйрық пен ұсынылған құжаттар негізінде студентке жатақханада тұру ордері /иелік қағазы мен жатақханаға кіру құжатын береді.
  • Жатақханадағы тұрғын үй алаңымен пайдалану төлемақысының мөлшерін анықтау тәртібі Қазақстан Республикасында әрекет ететін заңнамаға және жатақхананы ұстауға жұмсалған нақты шығындарға сәйкес белгіленеді.