Директор блогы

Менің жеке блогыма қош келдіңіздер! Енді сіздерде өз түсініктемелеріңізді қалдыруға, ұсыныстарыңызды енгізуге, сұрақтар қоюға мүмкіндіктеріңіз бар. Сіздердің сұрақтарыңызға лайықты жауап беруге дайынмын.


Құрметпен, «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» директоры Серікбаев Ғани Карбозұлы

Сұрақ қою

  • Сұрақ - 05/11/2020 - 17:52

    Аты: 
    Жания
    Сұрақ: 
    Мен 1 курста оқимын. Мамандықты ауыстыруға болады ма?
    Жауап: 
    Сәлеметсізбе! 1 курстың соңына дейін шешіміңізді өзгертіп, мамандықты ауыстыруға болады.
    Мәртебесі: 
    Жауап берілген - Отвеченный
  • Сұрақ - 05/11/2020 - 12:11

    Аты: 
    Тоқтар
    Сұрақ: 
    Колледжде қандай мамандықтар сұранысқа ие?
    Жауап: 
    Мамандықты таңдау кезінде көпшіліктің пікірін ескеруге кеңес бермеймін. Сіздің мамандығыңыз - бұл Сіздің таңдауыңыз және таңдауды Сіздің қалауларыңызға, қабілеттеріңізге сәйкес жасау керек.
    Мәртебесі: 
    Жауап берілген - Отвеченный
  • Сұрақ - 05/11/2020 - 11:57

    Аты: 
    Сабина
    Сұрақ: 
    Сәлеметсізбе, қазір мен 10 сыныпта оқимын және 10 сыныптан кейін колледжге түсейін деген ойым бар. Мен екінші курсқа бірден түсе аламын ба?
    Жауап: 
    Сәлеметсізбе! 10 сыныптан кейін сіз колледждің базасына 9 сынып негізінде түсе аласыз.
    Мәртебесі: 
    Жауап берілген - Отвеченный