WorldSkills Kazakhstan

24.03.2022 күні Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс кестесіне сәйкес 24-26 наурыз аралығында, І-ІІ-ІІІ курс білім алушылары арасында «Аспаз ісі», «Кондитерлік ісі», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Электромонтаждық жұмыстар», «Тракторист-машинист» құзіреттіліктері бойынша «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық Чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.
Чемпионатты колледж директоры Серікбаев Ғани Карбозұлы және серіктес мекемелерден келген сарапшылар: ЖК “Айнабаева” басшысы Айнабаева С, ЖК “Гаюпова” басшысы Гаюпова А, ЖШС “Мираж” төрағасы Бақтыбаев М, АО КРЭК Жалағаш электр торабын тарату инженері Жақсыбаев Е ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Чемпионатқа 5 құзіреттілік бойынша 18 студент қатысуда.